Түркияның Кония қаласында Құрбан айт мерекесіне орай қазақ және қырғыз студенттерінің қатысуымен тағылымды әрі мазмұнды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекенің екінші күні Кониядағы қазақ студенттерінің жетекшісі Осман Ахмет пен ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Абдурашит Зиядинұлының ұйымдастыруымен жастар арасында спорттық турнир өтті. Дүбірлі додаға бес команда қатысып, өзара бақ сынады.
Шара барысында ҚМДБ өкілі Абдурашит Зиядинұлы жиналған жастарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ жастарға білім жолында табыс, оқуларында сәттілік тілеп, ізгі тілегін білдірді.
Тартысты өткен турнир қорытындысында Хасеки студенттерінен құралған команда жеңімпаз атанып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаз командаға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Сонымен қатар жарысқа қатысушыларға Түркияның танымал футбол клубы — Konyaspor командасының арнайы жейделері сыйға беріліп, мерекелік шараның сәнін арттыра түсті.
Бұл игі басқосу шетелде білім алып жүрген жастар арасындағы бауырластықты нығайтып, Құрбан айт мерекесінің рухани мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2026
71
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру