Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсы басталды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 03.06.2026 201 0 пікір
Алматы облысында «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсы басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсының салтанатты ашылу рәсімі Алматы облыстық Қапшағай орталық мешітінде өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл рухани-танымдық курс 10–15 жас аралығындағы балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге, олардың діни сауатын арттырып, ұлттық және рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған.

Ашылу рәсімінде Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысты.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған курс аясында шәкірттерге Құран әліппесі, күнделікті дұғалар, ислам әдебі мен көркем мінез қағидалары үйретіледі. Сонымен қатар ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, отансүйгіштік және адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін тағылымды дәрістер де жүргізіледі.

Биылғы курсқа барлығы 53 шәкірт қабылданды. Оның ішінде 31 ұл және 22 қыз бала бар. Ашылу салтанатында қатысушыларға «Имандылық әліппесі» 1 және 2 кітаптары сыйға тартылып, тәттілер таратылды.
   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру