Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дін қызметкерлерінің қатысуымен рухани-адамгершілік бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Нұр» мешітінің бас имамы Талғат Омаров пен «Әл-Азим» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков сотталған азаматтарға қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өмірде жіберілген қателіктерден сабақ алу және түзеу жолына бет бұрудың маңызы жөнінде насихат айтты.
Имамдар өз сөзінде отбасы құндылықтары, жақындарға деген жауапкершілік және өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеудің қоғам үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті. Сондай-ақ әрбір адамның қателесу мүмкіндігі бар екені, алайда ең бастысы – өз қателігін түсініп, одан дұрыс қорытынды шығарып, ізгілікке, жауапкершілікке және қоғамға құрметпен қарауға негізделген жаңа өмір бастауға ұмтылу екені жеткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріліп, өмірлік тәжірибеге негізделген тағылымды ойлар ортаға салынды.
Кездесуге қатысып, рухани-адамгершілік бағытта мазмұнды насихат жүргізгені үшін мешіт қызметкерлеріне мекеме басшылығы алғыс білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.06.2026
180
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру