Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады

Атырау облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 02.06.2026 67 0 пікір
Атырау: «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады

Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде балаларға арналған дәстүрлі «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Жазғы демалысын тиімді өткізіп, рухани білім алуға ниеттенген бүлдіршіндер алғашқы сабақтарына қатысты.

Курс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, ислам әдебі, имандылық қағидалары, ұлттық және рухани құндылықтар дәріптеледі. Сонымен қатар балалардың бос уақытын пайдалы ұйымдастыруға бағытталған түрлі танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

Осыған орай Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жазғы курсқа қатысушы шәкірттерге ізгі тілегін білдірді.

Биыл облыс бойынша жазғы сауат ашу курсына 845 шәкірт қатысуда. Оның ішінде 565 ер бала мен 280 қыз бала білім алуда.

Сондай-ақ шәкірттердің рухани танымын арттыру мақсатында ҚМДБ баспасынан жарық көрген «Имандылық әліппесі» І және ІІ бөлім оқу құралдары негізінде 1270 дана кітапша мен түрлі сыйлықтар таратылды.

Айта кетейік, «Имани жаз» жобасы жас ұрпақтың діни сауатын арттырып қана қоймай, олардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, ұлттық тәрбие негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Жазғы сауат ашу курсы өңір мешіттерінде белгіленген кестеге сәйкес жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру