Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры қалалық «Бәйтерек» мешітінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Ізгі бастамаға Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен өңірдің зекет бағытына жауапты маманы Хадысұлы Омар ұйытқы болып, «Сұңқар» және «Қайнар» ұжымдары демеушілік көрсетті.
Қайырымдылық шарасы барысында 50 балаға түрлі ойыншықтар тарту етілді. Бүлдіршіндерге арналған сыйлықтар олардың жүздеріне шаттық сыйлап, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралардың басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.06.2026
57
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру