Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Жиынға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов және елорда имамдары қатысты.
Семинар барысында отбасы құндылығы, әкенің тәрбиедегі орны, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік және ұлттық тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар қоғамдағы отбасы институтын нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу жайы талқыланды.
Жиында баяндама жасаған бөлім басшысы Нұрбек Әуесханұлы әкенің отбасындағы рөліне тоқталып, бала тәрбиесіндегі өнеге мен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде ұсыныстар айтылды..jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.05.2026
53
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру