Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Ермек Мұқатай Алматы қаласында

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.05.2026 179 0 пікір
РАНТ мүшесі Ермек  Мұқатай Алматы қаласында

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, РАНТ мүшесі Ермек Мұқатай РАНТ жоспары бойынша Алматыда болды. Сапар барысында бірқатар маңызды кездесулер мен уағыз-насихат жиындары өтті.

Алдымен наиб мүфти «Әбу Ханифа» медресе колледжіне барып, шәкірттермен кездесті. «Ислам және ғылым» тақырыбында семинар өткізді. Семинар алдында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Ислам дінінің береке-бірлік, ынтымақ пен толеранттылыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Сонымен қатар Алматы Орталық мешітінде ақшам намазында жамағатқа құрбан айт әдептері жайында насихат айтты.

Сапар аясында Ермек Қасболатұлы Жетісу ауданы «Әли-Мұхаммед» мешітінде Әйел-қыздар жамағатымен кездесіп, «Исламдағы әйелдің орны» тақырыбында насихат айтты. Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген сапарда наиб мүфти Бостандық ауданы «Бақыткелді» мешітінде «Қажылықтың тәрбиелік және рухани құндылығы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Сондай-ақ, наиб мүфтидің қатысуымен «Бекет ата» мешітінде Алатау және Алмалы аудан имамдары және ЖАНТ мүшелеріне концептуалды құжаттарды таныстыру семинары ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті», «Уақып - сарқылмас сауап», «Халал сертификаты мен куәлігінің айырмашылығы» жайында дәрістер өткізді.

Екі күндік іс-сапар аясында шәкірттер мен дін қызметкерлеріне және жамағатқа әсерлі уағыз бен ҚМДБ құжаттарының маңыздылығын түсіндіру жұмыстары сәтті өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру