Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Есепшілерге құрмет көрсетілді

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.05.2026 97 0 пікір
Шымкент: Есепшілерге құрмет көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қалалық Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti орталық мешітінде еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған мешіт ұжымы орталық мешіттің бас есепшісі Динара апай мен сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен көп жылдық еңбек өтілі бар, бүгінде жемісті қызмет етіп жүрген Бақтияр Болысбеков ҚМДБ-ның 35 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Сонымен қатар ерен еңбегі үшін бірқатар есепшілерге алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру