Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: «Қызылжар» мешітіне жаңа көлік табысталды

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.05.2026 61 0 пікір
СҚО: «Қызылжар» мешітіне жаңа көлік табысталды

Солтүстік Қазақстан облысында қайырымдылыққа негізделген игі іс жүзеге асты. Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті жаңа автокөлікпен толықты. Жергілікті кәсіпкерлер мен дін жанашырлары мешітке JAC маркалы көлікті тарту етті.

Көлік кілті өңірдің Бас имамы Хамзат Қажымұратұлына табысталды. Бас имам өз сөзінде игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс айтып, бұл көлік мешіттің күнделікті қызметіне, сондай-ақ қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға үлкен септігін тигізетінін жеткізді.

Айта кетейік, мұндай сауапты бастамалар қоғамдағы ізгілік құндылықтарын нығайтып, ел арасындағы ауызбіршілік пен жанашырлықтың арта түсуіне ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру