Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз хатшысы, белгілі қаламгер Оразалы Жақсанов жуырда мерейлі 70 жасқа толды.
Айтулы датаға орай шаһарда бірқатар тағылымды әрі тағзымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Алдымен облыс әкімінің атынан әкім орынбасары Бақытжан Нарымбетов қабылдап, мерейтой иесіне шынайы лебізін білдірді. Сондай-ақ қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Одан кейін Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында шығармашылық кеш өтті. Кеш барысында өңірдің зиялы қауым өкілдері қаламгерді құттықтап, оның журналистика саласындағы сүбелі еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар облыстық мешіт атынан Оразалы Отынбайұлына Ұмра қажылығына жолдама табысталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Оразалы Отынбайұлының көпжылдық еңбегін ескеріп, ҚМДБ-ның 35 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады. Марапатты облыстың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы табыстап, ізгі тілегін жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.05.2026
131
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру