Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша дін қызметкерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов атынан Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Исламқұл Иманқұлұлы, Спорт секторының меңгерушісі Ербол Қалшабек және аудан бас имамдары мен ұстаздары қатысты.
Жарыстың ашылуында шаһар бас имамының орынбасары Ахметжан Керімбек қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың бірлік пен бауырмалдықты нығайтатын маңызды құрал екенін атап өтті.
Жалпы турнирге 5 команда қатысып, тартысты әрі жоғары деңгейде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Қаратау тобы
ІІ орын – Әл-Фараби тобы
ІІІ орын – Еңбекші тобы
Турнир соңында қатысушыларға дін мен дәстүр тақырыбындағы сыйлықтар табысталып, тағылымды уағыз-насихат айтылып, берекелі дастархан жайылды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
12.05.2026
227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру