ҚМДБ Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық Құран байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Дәстүрлі рухани сайысқа өңірдің әр аймағынан келген қари және қарилыққа талаптанған шәкірттер қатысып, қасиетті Құранды жатқа оқу мен көркем мақамда мәнерлеп оқудан бақ сынады.
Салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділқазылар алқасының құрамында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Мансұр қари Инаятулла, аға оқытушысы Абдухалық қари Абдумажитұлы және Іле ауданы «Арын қажы» мешітінің ұстазы Хусниддин қари Акбарұлы болды.
Байқауға арнайы келген қонақтар қатарында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ақылбекұлы және Қонаев қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралбаев Базарбай Бүркітбайұлы қатысты.
Сондай-ақ рухани шара аясында бабалар рухына және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арнап 50 Құран хатым бағышталып, арнайы дұға жасалды. Ақсақалдар ел тыныштығы мен ұрпақ амандығы үшін ізгі тілектерін жеткізді.
Жалпы саны 110 қатысушы бақ сынаған байқау бірнеше бағыт бойынша өтті.
Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:
І орын – Байтүгел Айсұлтан Нұржанұлы
ІІ орын – Тантақ Берік Асқарұлы
ІІІ орын – Иманов Мұхаммед Абдукаримұлы
10 пара жаттау бойынша:
І орын – Амантай Мұхаммед-Юсуф Нұрасұлұлы
ІІ орын – Сүлеймен Ералы Қанатұлы
ІІІ орын – Тұражанов Нұрислам Фархадұлы
20 пара жаттау бойынша:
І орын – Нұртұғанұлы Мекке
ІІ орын – Мырзахмет Махмұт
ІІІ орын – Арипжанов Эмиршах Вахидович
Құран Кәрімді толық жатқа оқу бойынша:
І орын – Абдилазиз Абдулбақи Савронбекұлы
ІІ орын – Бөрібаев Әліби Ғабитұлы
ІІІ орын – Кенешбай Жұмағали Нұралыұлы
Игі шара соңында жеңімпаздар арнайы марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Рухани сайыс қатысушыларға ерекше серпін беріп, қасиетті Құранға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыра түсті.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
12.05.2026
276
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру