Атырау өңірінің имамдарына «Пәтуа берудің жауапкершілігі мен әдіснамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жүргізді.
Жиын барысында пәтуа берудегі жауапкершілік, шариғи үкім шығарудың әдебі, қазіргі қоғамдағы діни сұрақтарға жауап беру әдістері және дәстүрлі діни танымның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің халықпен жұмыс жүргізудегі ұстанымдары мен діни мәселелерде сақтық таныту қағидалары сөз болды.
Семинар соңында имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, тәжірибелік пікір алмасу өтті.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
09.05.2026
48
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру