Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдікке қарасты мешіттерде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай рухани шара ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Бекайдар Әміре, Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Ербол Қалшабек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және өзге де азаматтар қатысты.
Рухани шара барысында Хатым Құран оқылып, ел тыныштығы мен боздақтар рухына дұға жасалды.
Айта кетейік, бұл тағылымды шара Шымкент қаласының бес ауданында ұйымдастырылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру