Ақтөбе қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды. Атап айтқанда, ИП «Express» ет дүкені халал сертификатын алғаш рет иеленсе, ЖШС «Азия Ингредиент» кәсіпорны балмұздақ өнімдері бойынша берілген халал куәлігін қайта жаңартты.
Сонымен қатар кәсіпорын мамандары мен қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, халал стандарт талаптары жан-жақты түсіндірілді. Семинар барысында қасапшылық үдерістеріндегі талаптар мен санитарлық нормалардың маңыздылығы кеңінен айтылды.
Нәтижесінде қатысушыларға қасапшылық куәліктері табысталып, адал өнім өндірудегі жауапкершіліктің мәні ерекше түсіндірілді. Мамандар халал талаптарын сақтау – тұтынушы сенімі мен сапалы қызметтің басты кепілі екенін атап өтті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
08.05.2026
98
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру