Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

20 Сәуір 2026

3 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Шымкент: «Неке және отбасы құндылықтары» атты жас отбасыларға арналған рухани-танымдық форум өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 20.04.2026 131 0 пікір
Шымкент: «Неке және отбасы құндылықтары» атты жас отбасыларға арналған рухани-танымдық форум өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданындағы Кенесары хан мешітінде «Неке және отбасы құндылықтары» атты жас отбасыларға арналған рухани-танымдық форум өтті.

Форумға шаһар Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған дін қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, неке мен отбасы құндылықтары жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті.

Шараға жас отбасылар, Жастар және Әйел-қыздар секторы, Әжелер мектебі мүшелері мен медресе ұстаздары қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Форум аясында жуырда отау құрған 50 жас отбасыға мұсылмандық неке куәлігі мен алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылатын болды.

 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру