Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти кеңесшісі Маңғыстауға арнайы сапармен барды

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.04.2026 185 0 пікір
Бас мүфти кеңесшісі Маңғыстауға арнайы сапармен барды

ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барды.

Іссапар барысында өңірдегі облыстық «Бекет ата» мешітінде «Тазалық – иманнан, таза қоғам – мұсылмандықтан» тақырыбында жұма насихатын айтты.

Смайыл Сүйерқұлұлы өз сөзінде мұсылман үшін тазалықтың тек сыртқы емес, ішкі рухани тазалықпен де тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамның дамуы мен өркендеуі әрбір адамның имандылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін жеткізді.

Насихат соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

  

   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру