Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу облысы: Мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылды

Жетісу облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 25.02.2026 806 0 пікір
Жетісу облысы: Мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жетісу облысы бойынша өкілдігінде қасиетті Рамазан айының келуіне орай мешіт жамағаттарына ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

«Діни сараптама», «Іс басқарушы» және «Жастар ісі» секторы мамандары бірлесе ұйымдастырған кешке 400-ден астам жамағат қатысып, ауызашардан дәм татты.

Облыстың «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Ерлан Кеңесбекұлы Бас имам Керімбек Сәрсембайұлының сәлемін жеткізіп, жиналған көпшілікке интеллектуалдық білім сайысын өткізді. Сайыс барысында дұрыс жауап беріп, үздік атанған жамағатқа бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды.

Қасиетті Рамазан айында мұндай тағылымды шаралар облысқа қарасты қала-аудан мешіттерінде өз жалғасын табатын болады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру