Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясы жалғасуда

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 25.02.2026 1154 0 пікір
ҚМДБ: Еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында қасиетті Рамазан айында республика көлемінде Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясын өткізу жоспарланған болатын.

Осыған орай ҚМДБ «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Рамазан сыйы» атты республикалық қайырымдылық марафонын бастап, игі шара Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен өзге де өңірлерде жалғасын тапты.

Қайырымдылық акциясына облыстардың бас имамдары мен зекет өкілдері, имамдар және көмек алуға өтініш білдірген жандар қатысты. Шара барысында көпбалалы отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері табысталды.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық көмектер бір күннің ішінде 4500 отбасыға үлестірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 


    

 

 




 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру