«Әт-Тақуа» мешітінде ұйымдастырылған байқауға аталған кітап бойынша тұрақты дәріс алып жүрген 22 шәкірт қатысты. Шараның ашылуында Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, өз сөзінде араб тілін меңгерудегі «Ажурумия» кітабының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Бас имам бұл еңбектің Құран аяттары мен хадистерді дұрыс түсіну, діни мәтіндерді сауатты талдау үшін берік негіз қалыптастыратынын атап өтті.Сонымен қатар сайыс өткен мешіттің имамы Айтжан Оңғарбекұлы шәкірттерге сәттілік тілеп, білім жолындағы еңбектеріне береке тіледі. Байқау барысында білікті ұстаздар алқасы қатысушылардың жатқа айту деңгейіне, тақырыпты түсіндіруіне, келтірген мысалдарының нақтылығына ерекше мән беріп, қорытынды бағаларын шығарды.
Сайыс қорытындысы бойынша
І орын – Хамидоллаев Дүйсенбекке 50 000 теңге;
ІІ орын – Қасымов Абылайханға 30 000 теңге;
ІІІ орын – Кубейсінов Рахматуллаға 20 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар үш шәкіртке ынталандыру сыйлықтары берілді.
Дәріс барысында ҚМДБ мүфтият баспасынан жарық көрген еңбектің қазақша аудармасы да кеңінен пайдаланылды. Сабақтарда араб тілінің сөйлем құрылысының ерекшеліктері, сөйлемді талдау тәсілдері басшылыққа алынып, шәкірттерге теориялық біліммен қатар практикалық машық берілді.





















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі
amin.kz
24.02.2026
439
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру