Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Азаншылар сайысының іріктеу кезеңі өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 23.09.2020 2652 0 пікір
Семей: Азаншылар сайысының іріктеу кезеңі өтті

Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылар сайысының іріктеу кезеңі өтті. 

Сайысқа қала, аудан имамдары және 20-ға жуық азаншылар онлайн және офлайн түрінде қатысты. 

Рухани бәйгеге төрелік еткен қазылар алқасы құрамында Семей Қос мұнаралы мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы, мешіттің наиб имамы Ерлан Досымұлы, Жастар ісі секторының жетекшісі Айдын Сәлімханұлы мен мешіт ұстазы Рашид Мейірбекұлы азан шақыруды өз нақышына келтіре айтқан азаншыларды сыннан өткізді. 

Бұл амал жамағатты намазға шақыру үшін айтылатындықтан, азаншыға қойылатын басты талаптың бірі – оның дауысының зор болуы, араб әріптерінің махраждарын жақсы білуі, азан дұғасын жатқа білу және азан кәлималары мен дұғасының мағынасын білу. Қазылар сайыскерлердің әдемі әуезімен қатар, оқу нақышын және азанның тарихынан да сұрақтар қойып отырды. 

Азаншыларға әділ баға беріліп, топтан жақсы әуенімен құлаққа жағымды дауысымен топ жарған «Төлеубек қажы» мешітінің ұстазы Нұғыман Ералы республикалық азаншылар жарысына  жолдаманы ұтып алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру