Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Отанды сүю — иманнан» атты рухани-танымдық сайыс өтті

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.10.2026 373 0 пікір
Ақтөбе: «Отанды сүю — иманнан» атты рухани-танымдық сайыс өтті

Республика күніне орай ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Отанды сүю – иманнан» атты рухани-танымдық сайыс өтті.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттерінен құралған «Қыран» және «Алаш» топтары бақ сынасқан дода еліміздің тарихы мен мәдениетін терең ұғынуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шара барысында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Қыран» тобы бас жүлдені иеленіп, сайыс жеңімпазы атанды. Шара соңында белсенділік танытқан барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік кездесу соңында ақ жаулықты әжелер арнайы дұға жасап, қатысушыларға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру