Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеліктер республика күніне орай рухани шара өткізді

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.10.2026 66 0 пікір
Ақтөбеліктер республика күніне орай рухани шара өткізді

Республика күнін ақтөбеліктер де ерекше атап өтті. Қаладағы орталық мешітте «Ел бірлігі – ең асыл құндылық» атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.

Игі шарада мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова уағыз-насихат айтып, Отанды сүюдің, елге адал қызмет етудің және қоғамға пайдалы болудың маңызына тоқталды.

Ал шәкірттер қатысушыларға еліміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктеріне қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырып, олардың танымын кеңейтуге үлес қосты.

Шара соңында ел азаттығы жолында жанын қиған боздақтар мен ұлт зиялыларының рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру