Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада 35 отбасыға көмек көрсетілді

Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 27.10.2026 359 0 пікір
Астанада 35 отбасыға көмек көрсетілді

Республика күніне орай Елордадағы «Ар-Рахман» мешітінде 35 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Игі іс-шара қаладағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

Бастама аясында жалпы құны 1 миллион теңгені құрайтын азық-түлік қоржындары мұқтаж отбасыларға табысталды. Сондай-ақ, жиналғандарға мерекелік құттықтау айтылып, елдің амандығы мен тәуелсіздіктің тұғырлы болуын үшін дұға жасалды.

Қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, ұлттық мерекенің мәнін дәріптеп, қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмектің маңызын арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру