Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 14.02.2020 5184 1 пікір
БАС МҮФТИ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданына арнайы іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қаракемер мешітінде жұма намазын өткізді.

Бас мүфти мешітке жиылған жамағатқа Отанды қорғау, туған елдің қадірі, ымыра мен ынтымақтастық, бірлік пен татулық туралы уағыз айтты.

Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазынан соң жергілікті ауыл халқымен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жергілікті тұрғындар Бас мүфтимен сұхбат барысында аймақтағы діни ахуал жайында өз ой-пікірлерін айтты.

ҚМДБ Төрағасының Қордай ауданына жасаған сапары жайлы алдағы уақытта тағы жариялаймыз.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

төлеген насыраллаұлы | 15.02.2020 11:42

ассалаумағалейкум уа Рахматуллаһи уа баракатуһу.

Уағыз қай тілде жүрді екен?

Сонан соң,Сайтыңыздағы көрсетілген телефон нөмірлеріңіздің (7172999865.7172999866) еш қайсысы көтермейді,электронды поштаңызда жауап бермейді. 

                                                                                               НЕГЕ????

Администратор | 17.02.2020 01:01

Уағалейкумассалам! Сіз демалыс күндері хабарласқансыз. Жұмыс күндері телефонымыз ұдайы қосулы. Қордайдағы уағыз қазақ тілінде жүрді.