Қостанайда «Имамның тұлғалық келбеті» және ағымдағы кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша облыс имамдарына арналған үш күндік семинар өтті.
Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының маманы Сапар Әбдиев қатысып, көкейінде жүрген ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Ислам дінінің өкілі болып табылатын имам, шариғат талаптарына сай қызмет атқарса, халықтың арасындағы олардың беделі арта түсетіндігін айтты.
Сонымен қатар, осы басқосуда Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы қазіргі таңдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жастар ісі және әйелдер секторы жұмыс істеп жатқандығына және осы бағытта өңірдегі дін қызметкерлері де белсенділік танытулары қажеттігіне тоқталды.
Облыс аудандары мен қалаларынан келген имамдар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, тиісті деңгейді өткізілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.10.2016
3431
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру