Астана қаласындағы «Әс-Салам» мешітінде адамзаттың ардақтысы болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған айына орай Мәуліт мерекесі аталып өтті. Мешіттің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлының ұйымдастыруымен өткен мүбәрак кешке мешіт жамағаты мен арнайы шақырылған қонақтар қатысып, Мәуліт мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Арнайы жайылған дастархан басында екі дүние сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға салауаттар айтылып, адамзаттың ұстазы болған ұлы тұлғаның өмірі мен өнегесі жайлы насихаттайтын мәуліт жыры оқылды. Мәуліт мерекесіне арнайы шақырылған «Нұр-Астана» Орталық мешітінің наиб имамы Төле би Оспанов пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаровтар жиылған жамағатқа уағыз айтып, рухани нәр сыйлады. Кешке қатысқан құрметті қонақтардың бірі, Түркия Елшілігінен келген Ибрахим Иылмаз осындай игі шараға шақырып, құрмет танытқаны үшін үлкен алғысын білдірді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.01.2016
3756
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру