Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қайырылымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі. Осы сәтті пайдаланып, Семей орталық мешіті, тұрмысы төмен 100 отбасыға, қаржылай көмек көрсетілді.
Жиналған халыққа өкіл имам Алтыбай Мақсат Рамазанның қасиеті, бірлік, ынтымақ туралы уағыз-насихат айтты. Көмекке мұқтаж болған жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын.
Қос мұнаралы орталық
мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.07.2015
4670
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру