Дәстүрлі дінімізді насихаттау бүгінгі таңда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының басты назарында екендігі белгілі. Сонымен қатар жыл басында қабылданған тәлімдік төрт құжатта маңызы аса зор болып табылатын бағдарлама.
Осыған орай ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А. Керімбек бастамасымен құрылған жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) кезекті отырысы өтті. Отырыста облыстың Бас имамы А.Керімбек ЖАНТ-ның жұмыстарына байланысты бір қатар мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтқанда: Оқу жылының бітуіне байланысты ЖАНТ мүшелері әртүрлі деңгейдегі оқу орындарының шәкірттерімен, әсіресе мектепті бітіруші оқушылармен кездесулер ұйымдастыруды, сондай-ақ РАНТ және ЖАНТ жұмыстарының БАҚ беттерінде кеңінен насихаттауға көңіл бөлуді нақты тапсырды.
Басқосуда сонымен қатар басқада өзекті бір қатар мәселелер көтеріліп, олардың шешім жолдары талқыланды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2015
2893
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру