ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен қолға алынған 4 бағыттың бірі − оқу-ағарту жұмыстары екені белгілі. Осы бағыттың аясында Ақтөбе облысында біршама жұмыстар атқарылуда.
Соның бірі облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұйытқы болуымен Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлерін яғни, Ризабек Ілімбаев, Жасұлан Жүсіпбеков және Қайрат Құрманбаевты шақыртып, имамдар мен медресе шәкірттеріне үш күндік білім жетілдіру семинарын ұйымдастырды.
Міне, сол бастама аясында семинарға қала, аудан-ауылдардан барлығы 21имам, 56 шәкірт қатысып, білімдерін жетілдірді.
Шараның мақсаты – облыс көлеміндегі мешіт имамдарының білімдерін жетілдіру, қазіргі қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылау, пікір алмасу.
Семинардан тыс ақшам намазынан кейін 24,25,26-наурыз күндері, «Нұр-Ғасыр», «Нұрдаулет», Ақтөбе қалалық орталық мешіттері жамағатымен Р.Ілімбаев пен Ж.Жүсіпбеков түрлі тақырыптарда уағыз жүргізді.
Семинар қорытындысы бойынша жергілікті «Рика» телеарнасында түсірілім жасалып, теолог-ғалым Қайрат Құрманбаев пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім жетекшісі Ж.Сулейменов семинар туралы тікелей эфирден сұқбат беріп, арнайы шақыртылған имамдарға, дәріс оқыған теологтарға алғыс хаттар берілді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2015
3365
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру