Имам Ахмад (р.а.) жеткізген хадис шәріпте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кім Алла үшін бір жетімнің басые сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады", - деген екен.
Осыған орай, жуырда "Иманғали" мешіті тарапынан қайырымдылық шара өткізілді. Атап айтқанда, "Атырау қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" мекемесіне 25 дана сыртқы киім, 25 дана аяқ-киім және 12 дана сөмкелер тарту етілді. Сонымен қатар, аталмыш мекеменің арнайы сұранысы бойынша 30 балаға арналған ыдыс-аяқ жиынтығы, 2 кілем, 30 дана төсек жиынтығы берілді.
"Иманғали" орталық мешітінің азаншысы Арман Урумбаев имандылық турасында уағыздар айтып, сауапты істердің бірі ретінде кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүздеріне шаттық, көңілдеріне күлкі сыйлады.
Сондай-ақ, осы күннің екінші жартысында дін қызметкері Елена Ульянова есімді көп балалы, жалғызбасты анаға қайырымдылық көмек ретінде 35 келі картоп, 5 литр өсімдік майы және оқу-құралдары ұсынылды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.03.2015
4140
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру