Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар форумы алдағы күнге нақты міндет жүктейді

26.02.2015 3303 0 пікір

Астана­да алғаш рет өткен «Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» атты ел имамдарының республикалық форумына барып келген теріскейлік делегация жергілікті телеарналар мен баспасөз беттеріне сұхбат беруде.  «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай «Қазақстан» ұлттық арнасының облыстық филиалында «Имамдар форумы алдағы күнге нақты міндет жүктейді» тақырыбында әңгіме өрбітті.

«Діндарға қарап, дінді танимыз. Форумның мақсаты – имамның тұлғасы мен қоғамдағы беделін арттыру екенін түсіндік. Алдағы уақытта тағы қандай проблемалар шешімін таппақ», деді бағдарлама жүргізушісі. Кенжетай қажы Байкемелұлы форумның маңыздылығын, қабылданған құжаттардың артықшылығын айтып өтті. Студия қонағынан жас ұрпақтың тура жолдан адаспауы үшін мешіт тарапынан  қандай жұмыстар атқарылып жатқанын да сұрады. Сондай ақ, бас имам бағдарламада  маңызды құжатта имам­дардың заманауи ақпарат құралдарын жете мең­геруі, шешендік өнер, сөйлеу әдебін игеруі тиістігі айтылғанын, мешітке келушілерге көр­кем мінез көрсету қажеттігін сөз етті. Солтүстікқазақстандық имамдар бұл талап үдесінен шығып отыр, деді Кенжетай қажы Дүйсенбай.

Діни татулық пен ынтымақты нығайтуда имам­дардың қызметі де үлкен мәнге ие. Мешіт қыз­меткерлері халықты имандылыққа шақырып қана қоймай, ұлттарды бірлікке ұйытып отырғанын Бас имам  өз сөзінде тағы бір діттеді. Бағдарлама тікелей эфирде өткендіктен көрермендер тарапынан да сұрақ қоюшылар көп болды.

Ал, Тайынша ауданының бас имамы Руслан Қайыргелді МТРК телеарнасына имамдар форумынан алған әсерімен бөлісті. 

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру