2015 жылғы 19-ақпанда Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен тұңғыш рет І Республикалық имамдар форумы жоғары деңгейде өткізілген болатын. Форумда «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар бірауыздан қабылданды.
Қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға облыс имамы орынбасары Т.Дәрібаев, аудан имамы Б.Қалдаров, Ленгір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сейітов, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, аудан имам-молдалары қатысты. Алдымен аудан имамы Б.Қалдаров форумның мақсаты мен мәні, ондағы талқыланған мәселелер, алған әсерімен бөлісті.
Сонымен қатар, қабылданған құжаттарды аудан деңгейінде жүзеге асыру жолдарына тоқталды. Ал облыс имамы орынбасары Т.Дәрібаев форумда қабылданған 4 маңызды құжатты кеңінен түсіндіріп өтті. Бұдан кейін сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сейітов форумның өткеніне оң бағасын беріп, қолдау көрсету керектігін, бұл тұрғыда бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды. Аудан имам-молдалары атынан Ленгір қаласындағы «Сәтұлы Сыздық қажы» мешітінің имамы А. Тұртаев сөз алып, ынтымақ бірлікке шақырды.
Жиын соңында қатысушылар форум туралы ой пікірлерін ортаға салып, қабылданған 4 маңызды құжаттар елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігіне сенім білдірді.
ОҚО, Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.02.2015
3171
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру