Астанада 19 ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы қарсаңында Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінде Ақмола облысы имамдарының басқосуы болып өтті. Онда діни басқарманың 2020 жылға дейінгі қызметін дамытудың тұжырымдамасы жан-жақты таныстырылды. Мүфтиятпен ұсынылған бұл құжаттың маңызды сипаттары жайлы имамдарға жан-жақты ақпарат берілді.
ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкіл имамы Қанат Қыдырмин өз сөзінде бүгінгідей діни құндылықтарға баса назар аударылып отырғанда аталған тұжырымдаманың имани істерді дамытуға дәнекер болатынын атап көрсетті. Бұл еліміздің діни басқармасының өз жұмысын жаңа арнада жүргізуге деген талпынысын да білдіреді. Арнайы бағдарлама қабылдау арқылы жергілікті мешіттер қызметін жақсарту арқылы елімізде ислам дінінің өркендеуіне мол мүмкіндіктер туатыны да айтар едік.
Ең бастысы, бұл тұжырымдамада діни басқарманың алдағы жылдарда дін қызметкерлерінің білімін арттыру және кадр әлеуетін жақсарту үшін енді отандық білім берудің мүмкіндіктерін қарастыруға да баса көңіл бөлінетін болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» жөнінде Жарқайың ауданының, Ғалым мешітінің имамдары хабарламалар жасады. Ал, ҚМДБ-ның бекіткен шынайы мұсылман мен имамның тұлғалық келбеттері жайлы наиб имамдар Рахматулла Оразұлы мен Темірбек Бекмағамбетов сөз алып, тақуалық, сабырлылық, мейірімділік және отансүйгіштік қасиеттердің имамдардың бойынан көбірек табылса деген талап-тілектің дер кезінде көтеріліп отырғанына тоқталды.
Осылай жаңа тұжырымдама өзінің өміршеңдігімен ерекшеленетіні жөнінде пікірді басқосуға жиналған имамдар да білдірді. Дін адамының қандай болуы керектігінен басталып, жалпы ислам дінін дамыту үшін жаңаша жұмыс істеуді ұсынған тұжырымдама қолдауға әбден лайық екенін айтар едік. Бұл өз кезегінде асыл дініміздің өміріміздің маңызды құндылығына айналдыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз.
Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2015
2987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру