Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО Құран жарыс өтті

03.11.2014 3205 0 пікір

Алланың сөзі Құран Кәрімді оқып-үйрену, түсініп-түйсіну әрбір мұсылман жанның өміріне өң берері айқын. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында Төлебилік имамдардың арасында ұйымдастырылған Құран жарысы өз мәресіне жетті. 

Жарысқа облыс имамының орынбасары Талғат Дәрібаев пен «Сейіткәрім қажы» мешітінің найб имамы қари Омар Сәлімбеков арнайы қатысып, төрелік етті.

Жарысқа қатысушылар қойылған талаптардың барлығына жоғары деңгейде дайындалғаны айқын көрініп тұрды. Құранды жаттап қана қоймай, оның мағынасын мүдірмей айтып, мәнерлеп оқу жағынан да өздерін көрсете білді. 

Жарысқа қатысып, оза шапқандарға арнайы жүлде тағайындалды. 

1 - орынды «Тасарық» ауылы имамы Махмудов Жалалхан иеленді;
2 - орынды «Аққұм» ауыл имамы Иманалиев Нұржан иеленді;
3 - орынды «Төңкеріс» ауыл имамы Сарыбаев Мырзабай иеленді.

Жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар табысталды.

Облыс имамының орынбасары Талғат Дәрібаев Құран оқудың артықшылығы жайлы уағыз-насихат жүргізді. Бұдан кейін де осындай жарыстар жиі-жиі ұйымдастырылса деген игі тілекпен тарқасты. 

ОҚО, Төле би аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру