Қарағанды облыстық орталық мешітінде өңірге қарасты қала, аудан мешіттерінің бас имамдарымен жиын өтті. Алқалы жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облысы Дін істері агенттігі басқармасының басшысы Нұркенов Қайрат, «Зекет» қорының өкілі Бабағалиев Базарбай және қала, аудандардан келген бас имамдар қатысты. Жиынды ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырған Дін мен Дәстүр сабақтастығының аясында өткізгелі тұрған Құрбан айт мерекесін ауқымды түрде атқарылатын іс-шараларды жиылған имамдарға таныстырып өтті.
Жиынның өткізілу барысында имамдардың жұмыс жүргізу барысын талқылап, АНТ жұмыстарының ауқымын кеңейтіп, жүйелі жұмысты одан әрі дамытуды тапсырды. Өкіл имам бірқатар мәселелерді айта келе: «Имамдар өз қарамағындағы ауыл мешіттеріндегі ахуалдарды жиі қадағалап отырса жұмыстың нәтижесі артады. Ауыл имамдарымен жұмыс істеңіздер», — деп қысқа қайырды. Сонымен қатар, Қарағандыда салынған медреселер жайы мен имамдардың, ұстаздардың шәкірт тәрбиелеу жұмыстарының мәселесі сөз болды.
Өкіл имам екінші кезекте еліміздің төл басылымдары «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналының жазылу науқанына жыл бойына жазылуға, жамағатпен бірге имани басылымдарды оқып жүруге шақырды.
Өкіл имам: «Мешітке келуші жамағатқа Алланың үйі әрқашан қолайлы болғаны дұрыс. Бұл тұрғыда барлық мешіттер қыс мезгіліне сақадай сай тұруы керек», — деді. Имамдардан мешіттердің ахуалы, жылу жүйелерінің жағдайы, кімде қандай мәселе бары сұралды.
Жиын барысында «Зекет» қорының өкілі Бабағалиев Базарбай зекетке бекітілген нисаб мөлшері жазылған арнайы кестелерді таратты.
Алқалы жиынның соңында имамдар жаңа тапсырмалар алып, нәтижелі жұмыстарды атқарамыз десті. Мейірімі мол Алла Тағаладан алдағы Құрбан айт мерекесін абыроймен өткізіп, ісімізде береке-бірлік болсын деген ниетпен Құран оқылды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2014
3601
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру