Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық науқаны Атырауда

26.08.2014 3137 0 пікір

Республика деңгейінде орын алған дәстүрлі «Мектепке жол» атты қайырымдылық науқанына Атырау өңірінің дін қызметкерлері де қолдау көрсетіп, облыс аумағында тиісті жұмыстар атқару үстінде.

Осыған орай, тамыздың 26-сы күні жергілікті «Иманғали» орталық мешітінде аталмыш науқан аясында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы жанұяларға және жалғызбасты аналар, қамқоршысынан айрылған, т.с.с. жалпы саны 50-ге жуық қамқорлыққа мұқтаж балаларға мектепке қажетті оқу-құралдары мешіт ұжымынан тарту етілді.

Шара барысында «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, дінімізде білім алудың маңыздылығы жайында сөз қозғады.

Аталмыш «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны осымен шектелмек емес. Атырау облыстық орталық мешіт жаны жомарт, қайырымды азаматтармен бірлесе отырып 1-қыркүйекке дейін өзге де әлеуеті төмен оқушыларға қажетті құралдарды және мектеп формаларын алып беруге әзірлік үстінде.

Қайырымды шара соңында ата-аналар мешіт ұжымына, қолдау көрсеткен жанашыр азаматтарға шексіз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

 «Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру