Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар санаториясындағы қуаныш

02.08.2014 3220 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен  облыстық Ивушка балалар санаториясында тәрбиеленіп жатқан балаларға қайырымдылық көмек берілді.

Деркөл ауылындағы облыстық Ивушка балалар санаториясының басшысы  Әлия Махметова облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлын мен Орал қалалық мешітінің бас Әлімхан Тұрлыбековты жылы шыраймен қарсы алды.

Имамдар санаториядағы тәрбиеленіп жатқан балалар жүздесіп, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков қасиетті Құран Кәрімді оқып,  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов дұға жасады.

Барша сәбилерді облыс имамы Руслан Сұлтанов Ораза айтпен құттықтап, «Ұстаз, білім, тәрбие» жайында уағыз айтты.

Балалармен бірге естелік суретке түсіп, мекеме басшысы Әлия Қабиболлақызы ризашылығын білдіріп,  ҚМДБ-ның ұжымына, имамдардың еңбек жолдарына табыс тіледі.

Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру