Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыарқадағы ораза айт мейрамы

29.07.2014 3946 0 пікір

ҚМДБ – ның Жезқазған аймағы бойынша «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінде 28 – шілде Ораза айт күні таң намазынан бастап жамағат жинала бастады. Айт намазының алдында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы уағыз насихат айтты. Жезқазған қаласының әкімі Шайдаров Серік Жаманқұлұлы жиналған жамағатты айт мейрамымен құтықтады. Намаз оқылып болған соң, мешіт жанында тігілген киіз үйлерге кіріп арнайы дайындалған дәм беріліп,  ғибратты термелер орындалды. Соңымен қатар, Жезқазған қаласы «Үміт» балалар үйінің түлектеріне арнайы ас берілді. Ал жастар салт – дәстүрімізге сай алтыбақан теуіп, қазақша күрес, гір тасын көтеру сайыстарын бастап кетті. Ақсақалды аталарымыз айт мерекесімен құттықтап, жастарға батасын берді. Өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан зиялы қауым өкілдеріне, ақын – жазушыларға, танымал өнер өкілдеріне, мемлекеттік қызметекерлерге, мекеме басшыларына, журналистерге, кәсіпкерлерге, жалпы дін жанашырларына салтанатты түрде құттықтау қағаздарын табыстады. Қазақша күрес және гір тасын көтеру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазақ күресінен 70 кг жоғары салмақта:

I – орын Есетов Ержан 50 000 теңге

II – орын Дүкенбаев Асқар (бағалы сыйлық)

III – орын Сәрсенбин Арман (бағалы сыйлық)

Қазақ күресінен 70 кг төмен салмақта:

I – орын Қайсар Елдос 50 000 теңге

II – орын Ашмухан Құрал (бағалы сыйлық)

III – орын Исаев Қайрат (бағалы сыйлық)

Гір тасын көтеруден:

I –  орын  Панамаренко Юрий

II – орын Жанбосынов Ержан

III – орын  Тұрсынбаев Серікболсын

ҚМДБ-ның Жезқазған
аймағы 
бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру