Мың айдан да қайырлы болған Қадір түні бұл бір жылдық тағдырлар жазылып, амалдардардың сауабы артып, мейірбан жандар үшін жаннаттың есіктері айқара ашылатын түн болмақ.
ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, Жезқазған аймағына қарасты Кенгір ауылы мешітінің Бас имамы Естауов Медеттің ұйытқы болуымен салт-дәстүріміз бен дәстүрлі дінімізді насихаттауда үнемі алдынғы қатарлардан көрініп келеді.
Қадір түні қарсаңында, Кенгір мешіті Жезқазған қаласында орналасқан Ішкі Саясат ММ жанынан құрылған "Күйзеліс" орталығыда паналап отырған 5 үй-күйі жоқ, жалғыз басты, көп балалы аналармен жүздесіп, негізгі ас-ауқат қалташасы мен 50мың тенге қаржылай көмек көрсетті.
23-24не қараған түн, Қадір түні кешінде мешіт ауылдың барша ауызы берік жандарға ауызашар берді. Қадір түніне жиналған 80-нен астам жамағаттарға уағыз-насихаттар айтылып, нәпіл намаздар оқылып, отанымыз үшін, еліміз, болашағымыз үшін дұға жасалып, жиналғандар арасында арнайы сұрыпталған діни сұрақтар қойылып, виктариналық ойындар ойнатылды. Жақсы жауап бергендерге сыйлықтар тіпті үздік 20 сұраққа жауап берген жамағатқа 2 ұялы телефон сыйлыққа берілді. Намаз оқып үйрену, Құран оқып үйрену, Рамазан қасиеті атты брашуркалар мен діни кітаптар, газет-журналдар таратылды. Соңында ораза ұстаушыларға сәресі берілді.
ҚМДБ, Жезқазған аймағы
Кенгір ауылы мешіті
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.07.2014
3343
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру