Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айдағы қайырымдылық көмек

24.07.2014 3172 0 пікір

Қасиетті он екі айдың сұлтаны болған Рамазан ол мейірім айы, кешірім айы, рақым айы, қайырымдылық айы.

Осы айда мұқтаж жандарға көмек жасау, қайырымдылық жасау сауапты іс екенін баяндаған ҚМДБ-ның төрағасы Бас  мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің талап-тілектеріне үн қосқан Бесқарағай орталық мешіті атынан қасиетті Қадір түні қарсаныңда жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Көп балалы ана Молдағалиева Гүлжан апайға, жалғыз басты Мажибаев Амангелді ағаға, II-ші топтағы мүгедек жалғыз басты Қайыров Марат ағаға, тұрмысы төмен Азбекова Сания апайға күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлікпен көмек жасалды.

Көмек алған жандар осы шараны ұйымдастырған Бас имам Серікжан Аманұлына алғыстарын білдірді. Істеген істеріңізге Алла сауаптан жазсын деп баталарын берді.

 

Бесқарағай орталық мешіттің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру