Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күні рақымға толы, ортаңғы он күні кешірімге толы, соңғы он күні тозақтан қалқан», – деп, қасиетті айды үшке бөлген. Бұл айда мұсылмандардың намазға, Құран кәрімге, зікір етуге деген құлшыныстары арта түседі. Себебі, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Рамазан айы басталғанда жаннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатынын хадисінде жеткізген. Міне, бұл – Алла тағаланың пенделеріне берген рақымы мен мейірімі.
36 жылда бір айналып, шілденің аптап ыстығына тұспа-тұс келетін биылғы Рамазан айының рақымға толы алғашқы он күні өңірімізде мәнді, әрі нәтижелі өтті. Мұсылмандар арасында бауырмалдық, бірлік пен мейірімділікті нығайтуды мақсат тұтқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешіті Рамазан айының алғашқы күні Бас мүфти атынан мешіт асханасында барша мұсылмандарға арналған ақ дастархан жайып, ауызашар ұйымдастырды.
Сондай-ақ биылғы «Дін мен дәстүр» жылының аясында қазақ халқының ұлттық мұрасының көрінісі ретінде мешіт ауласына он екі қанатты киіз үй тігілді. Онда күндіз дәрістер, кешке 100-ден астам адамға дастархан жайылып, ауызашарлар берілуде. Дәстүр мен дін сабақтасқан бұл игі бастамаға халық дән риза болып, киіз үйде ауызашар беруге жаппай ықыластарын танытуда.
Халық игілігі үшін жасалынып жатқан бұл істерге барша қызылжарлықтар риза болып, мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіруде.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2014
3765
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру