Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанда Сыр өңірінде 100-ден аса мекемелер жеңілдіктер жасады

03.07.2014 2991 0 пікір

«Халыққа қызмет етіп, жақсылық жасау үшін ғаламды төңкеріп бай болып
немесе күллі адамзатты басқарып, патша болуымыз міндетті емес»

 Рамазан бұл жақсылыққа үндеп жамандықтан тыйатын үлкен мектеп. Бұл айда кішкене болсада жақсылық жасаса сауабы еселенетіні сөзсіз.

Осындай сауабы мол айдан өз үлестерін алу үшін және үндеуге үн қосу мақсатында Қызылорда қаласында 100-ден аса кәсіпкерлер Рамазан айы басталғалы жеңілдіктер жасап, әрі келген сатып алушыларға сыйлықтар үлестіріп келеді.

Игі бастамаларға тек йісі қазақ мұсылмандар ғана емес, ұлты бөлек, діні бөлек, бірақ Отаны бір қайырымды азаматтар мен азаматшалар да үлкен үлес қосуда.

Бір ғана үлкен «Фристайл» сауда орталығында 65 кәсіпкер халыққа жеілдік жасап, алғыстарын алуда.

Алла сауапқа асыққан әр бір адамға  мол сауабын жазып, екі дүниелік бақыт нәсіп еткей.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің 
Баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру