Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфтиіміздің атынан ауызашар берілді

30.06.2014 3319 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде рамазанның алғашқы күнгі ауызашары бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан берілді. Мешіт ауласына тігілген 3 киіз үйдің бірінде арнайы шақырылған тұрмысы төмен отбасылар мен мүжәлсіз жандар ауыз ашты.

Рамазанның құрметіне арналған шаралар легі облыстық мешітте тұрақты түрде атқарылып жатыр. Күнделікті 90 адамдық екі киіз үй мен 40 адамдық бір киіз үйде ауызашар ұйымдастырылып,  екі жүзден астам жамағатқа дастархан жайылуда. Өкіл имам С.Сейтбеков олардың басы қасында болып, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттасып, уағыз жүргізілуде.

Рамазанның алдағы күндерінде де арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес, өңірдегі зиялы қауымдарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, мүгедек жандарға,  дәрігерлерге, соғыс ардагерлеріне, жетім балаларға, т.б. ауызашар беріледі.

         Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру