Биылғы шағбан айының ортаңғы түні, яғни Бәраат түні маусым айының 12-нен 13-не қараған түнге сәйкес келді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының тапсырмасы бойынша, Алла рақымымнан үміт етіп, ораза тұтқан жандарға ауызашар дастарханы жайылып, құтпан намазынан уағыз айтылды. Таңнның атысы мен күннің батысы аралығында Алла разылығы үшін ауыз бекітіп, нәпсі қалауларынан тыйылған жамағатқа арналып жайылған дастархан басында ғибратты әңгімелер өрбіді. Мешітіміздің бірінші найб имамы Қуат Ерғалиұлы жамағатқа Шағбан айының шарапаты мен Бәраат түнінің берекесі жайлы мол мағлұмат бере отырып, құлшылықтың кемелдігі туралы сөз қозғады.
Жамағаттың жүрек қылын шертіп, жанын ен әсерлі уағыз құтпан намазынан соң қайта жалғасты.
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2014
3143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру