ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың ұйымдастыруымен облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен облыстық ардагерлер мен қарттар, мүгедек қарияларды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы мемлекеттік мекемесіне ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен діни кітаптар, Рамазан айына арналған намаз кестесі, бейнелі намаз баннері, әртүрлі дін брошюралар қатарлы 100-ден астам діни әдебиет кітаптары сыйға тартылды. Кітаптар ішінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Дін мен діл», «Таным тұғыры», «Мүбәрак Рамазан», Қ.Жолдыбайұлының «Дін мен діл»(1-2 кітабы), С.Сейітбековтың «Иман негіздері» т.б көптеген елімізге танымал дін қайраткерлері мен дінтанушылардың еңбектері қамтылған.
Аталмыш іс-шараға ризашылығын білдірген облыстық «Ардагерлер үйі» директорының орынбасары Гүлнар Шайрамазанқызы өз сөзінде: -Біздің мекеме жыл он екі ай бойы үзіліссіз 90 адам көлемінде ардагерлер, ата-апалар, жасы ұлғайған мүгедек адамдар мен әлеуметтік аз қамтылған қарттарды қабылдап даяшылық жасайды. Олардың арасына жас ерекшеліктеріне сай тақырыптар бойынша уағыз-насихат, әңгімелесулер мен кездесулер қатарлы әртүрлі мәдени-рухани шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Алдағы уақыттарда осы игі істерімізге облысымыздағы ғибадат орындары, соның ішінде облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті тараппынан көптеп көмектеседі деп күтеміз. Біздегі демалушылар мен емделушілер атынан, мекеме басшылары атынан Бас имам Нариман қажы Ермекұлына үлкен алғысымызды білдіреміз деді.
Сонымен қатар алдағы қасиетті Рамазан айы қарсаңында осы мекемедегі қарттар яғни, ораза ұстаушылар мен намаз оқушылар, тарауық намазына қатысушылар, намазға ниет етушілер арасына арнайы жоспар бойынша бірнеше рет кездесулер ұйымдастыру, Рамазан айының құндылықтары мен қасиеттері, ораза ұстаудың пайдалары тақырыптарында әңгімелер өткізу келісілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.06.2014
3681
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру