Аягөз қалалық мешітінің қызметкерлері Аягөз ауданына қарасты Баршатас, Қосағаш, Мәдениет, Бидайық, Өркен сияқты бірқатар ауылдық округтерде орналасқан мешіттерге арнайы іс-сапармен барып, мешіттердің тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Атап өтер болсақ Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Баршатас ауылдық мешітінде болып, жұма намазына қатысты. Мешіт жамағатымен танысып, қасиетті Шағбан айының артықшылығы жайында уағыз айтты. Жұма намаз біткеннен кейін бас имам Баршатас ауылында жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Сонымен қатар, бас имам Баршатас ауылдық мектебінің мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, алдағы уақыттағы емтихандарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Думан Нәдірұлы Қосағаш ауылдық мешітінде болып, жамағатқа жұма намазында «Дін мен дәстүр» атты тақырыпта салихалы уағыз насихат айтты. Жаңа ауыл мешітінің имамы Нұржан Медеуханұлы мен Аягөз қалалық мешітінің жанындағы «Шайхан қари» атындағы сауат ашу курсының ұстазы Айдын Дүйсенұлы Мәдениет ауылдық мешітінің жамағатымен кездесті. Жұма намазын өткізіп, уағыз айтып, жамағат тарапынан туындаған әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Мешіт ұстазы Рафил Төлеуханұлы болса Өркен ауылында болды. Мешітттің тыныс тіршілігімен танысып, жамағатпен жүздесіп қайтты. Мешіт имамдары барған барлық ауылдарда мешіт жамағаттары ризалықтарын білдіріп, алғыспен шығарып салды. Алдағы уақытта да осындай ауылдық округегі мешіттерге барып, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыруды жүйелі түрде жүзеге асыру жоспарлануда.
Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2014
4025
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру