Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

02.06.2014 3512 0 пікір

1-ші маусым күні Атырау қаласы, «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге орталық мешіттің әйелдер жамағаты аса құлышыныспен дайындалып, қала тұрғындарының назарына түрлі азық-түлік өнімдерінен жасалған тәтті тағамдарымен қоса қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы төсек-көрпелер, киім-кешектер сатылды. Саудадан түскен қаражат мешіт жанындағы қайырымдылық іс-шараларына жұмсалмақ.

Бұрын-соңды болмаған мұндай қайырымдылық жәрмеңкесіне келген жамағат дән ризашылықтарын білдіріп, осындай қайырымдылықты ұйымдастырушы мешіт ұжымына алғыстарын айтты.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы осындай қайырымдылық жәрмеңкесі қаламыздың өзге де мешіттерінде жалғасын таба беретіндігін және болашақта да мұндай игі шараларды дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізуді қолға алатынын айтты.

Әрине мақсатымыз айқын, ол жамағат арасын біріктіріп, ынтымаққа шақыру.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру