Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін мен дәстүр сабақтастығы

26.05.2014 3846 0 пікір

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет. Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек», – деп атап өтті. Елбасы жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру және жұртшылық арасында дәстүрлі діни бағыттағы діндердің құндылықтарын насихаттап, халықтың діни сауатын арттыру, деструктивті сипаттағы жат діни ағымдардың ел ішіне таралуының алдын алу мақсатында Талдықорған қаласы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты семинар болып өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен ауданымыздың бас имамы Әбудардан Таласбайдың ұйымдастыруымен өткен жиынға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілі, Талдықорған қаласындағы «Нұр» мешітінің имамы Серікхан Ахмадиев және Алматы облысы дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» қызметкері Еркін Қасенов, сондай-ақ аудан басшылығы, қала мен ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме және бөлім басшылары, білім бөлімінің мамандары, елді мекен имамдары және құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.

 Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру