Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ирина Ислам дінін қабылдады

20.05.2014 3668 0 пікір

Алланың хақ діні болған Исламды күннен-күнге өзге дін өкілдері қабылдауда. Кеше ұлты орыс әрі діні бөлек Ломакина Ирина Александровна иман келтіріп, ислам дінін қабылдады.

Ол ислам жайында жазылған кітаптарды ізденіп оқып, мұсылмандықты қабылдауына себепкер болған. Орал қалалық  мешітінің найб имамы Наурыз Убаев онымен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында Иринаға Ислам дінінің негіздері, ақида, фиһқ жайында айтылды.  Білім алған сайын рухани ләззат алатынын айтты. Сұхбат соңында орыс тілінде жазылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Сокровенное познания», «Великий Имам Абу Ханифа» атты кітаптары сыйға берілді.

Алла тағала баршамызға өзінің разылығын алатын амал істеуімізді және пенделеріне тура жол нәсіп етсін! Әмин.

 

ҚМДБ-ның БҚО
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру